Описание
Емдеу ісі – бұл базалық медициналық білім, содан кейін барып арнайы мамандандықты игеруге болады: хирург, терапевт, кардиолог, педиатр және т.б. Әр курста студенттер ауруханаларда, емханаларда және жедел жәрдем станцияларында міндетті практикадан өтеді.
Бұл саланың қызметкерлері мықты денсаулыққа, жақсы дене дайындығына, батылдық пен жігерлікке ие. Студенттерге адамдарды емдеу мен түрлі ауруларды дұрыс диагностикалауды ғана емес, сонымен қатар халық арасында профилактикалық және ағартушылық жұмыстарды жүргізуді үйретеді.
«Емдеу ісі» мамандығының түлегі өз бетінше пациенттермен жұмыс жүргізуге, оларға ем тағайындау мен ем жүргізуге құқығы жоқ. Ол пациенттермен өз жұмысын тәжірибелі мамандардың бақылауымен ғана орындай алады. Сонымен бірге ол ғылыми қызметпен айналыса алады, медициналық мекемелерде түрлі лауазымдарда қызмет ете алады.
«Емдеу ісі» мамандығы мына бағыттар бойынша кәсіби мамандарды дайындайды:
– Фельдшер.
Дәрігер болып жұмыс істеу үшін «Емдеу ісі» мамандығының түлегі колледжді аяқтағаннан кейін ЖОО-да жоғары кәсіптік білім алуы қажет.
Как поступить
Қабылдау емтиханы:
Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу
0
Қазіргі үміткерлер саны
~
Сенің оқуға түсу мүмкіндігің
Белгісіз
Бейіндік пәндер